20:24, 2 маусым 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 2 маусымда Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы инвестицияларды көтермелеу туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген Ақорда хабарламасында.
Заң екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда қолайлы режім жасау тәртібі мен шарттарын айқындайды. Атап айтқанда, бір тараптың екінші тараптың аумағындағы инвестицияларын жүзеге асыру, сондай-ақ екі мемлекеттің аумақтарындағы инвестициялық қызметке байланысты мәселелер реттеледі. Келісім нормаларына сәйкес кез келген тараптың инвесторлары жүзеге асырған инвестициялар әділ және тең құқылы болады, сондай-ақ екінші тарап мемлекеті аумағында толық қорғалып, қауіпсіздікті сақтау қажет.






Leave a Reply