14:17, 1 маусым 2025
Шымкентке жақын маңдағы Састөбе – Ынтымақ аралығында рельске тасталған көлік теміржол қозғалысына айтарлықтай кедергі келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 1 маусым күні таңертең Түлкібас учаскесінде болған.
«Көлік жүргізушісі теміржол жолына автокөлікті тастап, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл пойыздардың қозғалыс кестесіне әсер етті. Оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді», – делінген ұлттық компания хабарламасында.
КТЖ өкілдері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет екенін еске салды.
Ережені бұзу – қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіріп, ауыр салдарға әкелуі мүмкін.






Leave a Reply