19:18, 29 мамыр 2025
eGov Mobile мобильді қосымшасында 18 жасқа толған қамқорлықтағы азаматтар мен олардың қамқоршылары туралы мәліметтері бар цифрлық құжат пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжат «Е-Собес» ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде қалыптасады — онда тіркелген барлық қамқоршылар, қорғаншылар және олардың қамқорлығындағы тұлғалар есепке алынған.
Құжатта келесі ақпарат көрсетіледі:
- Қамқоршы мен қамқорлықтағы адамның ЖСН мен ТАӘ;
- Олардың туған күні;
- Қамқоршыны тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні;
- «Жарамды күні» туралы ақпарат.
Құжат «Цифрлық құжаттар» бөлімінде «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басқаннан кейін, заңды өкіл мәртебесі расталған қолданушыларда автоматты түрде пайда болады.






Leave a Reply