20:16, 27 мамыр 2025
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 27 мамырда Астана уақытымен 19:51-де жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасында Жетісу облысында орналасқан.
Сезілетіндігінің есептік қарқындылығы (баллмен) :
- Қапал-Арасан б. – 2 балл.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.
Еске салайық, бүгін, 27 мамырда Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінгенін хабарлаған едік.






Leave a Reply