18:05, 27 мамыр 2025
Астанада арнайы операция барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері синтетикалық есірткі таратумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде шетелдік азаматтар ұсталды. Олардан 100 келіден астам синтетикалық зат «мефедрон» тәркіленді.
«Қара нарықта» бұл партияның құны шамамен 6 миллион АҚШ долларын құрайды. Ол 300 мың бір реттік дозадан тұрады.
«Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», — деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.






Leave a Reply