17:57, 23 мамыр 2025
Ташкентте суға жүзуден Орталық Азияның алғашқы ашық чемпионаты – өңірдің ең мықты жүзушілерінің басын қосқан бес күндік спорттық шара аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасы чемпионаттың абсолютті көшбасшысы болды. Команда берілетін 158 медальдің 117-сін, соның ішінде 74 алтын медальді қанжығалады. Турнирдің орта кезеніңде-ақ қазақстандықтар көшбасшылықты күшейте отырып, 60-қа жуық медальді олжалады.
Сурет: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қазақстан құрамасынан 30 спортшы шықты, олар жеке жүзу және эстафетада жоғары дайындығын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша олар 32 күміс және 11 қола медаль жеңіп алды
Сурет: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
«Біздің команда үш жас санатында өнер көрсетіп, 74 алтын медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстандағы суда жүзу спортының жоғары деңгейінің айғағы», – деп атап өтті Атырау облысының аға жаттықтырушысы Иван Галкин.
Жарыс бағдарламасына 50, 100, 200 және 400 метр қашықтықта еркін жүзу, арқамен, баттерфляймен және брасспен жеке жүзу, сондай-ақ кешенді жүзу кірді. Сонымен қатар аралас және классикалық 4×100 метрлік эстафеталар өтті.
Сурет: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Қазақстан Республикасы Су спорты түрлерi федерациясының бас серіктесi – «Самұрық-Қазына» АҚ, серіктестері – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Sport Qory» спортты қолдау қоры.






Leave a Reply