Отандық спортшы тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында алтын медаль иеленді


21:48, 11 ақпан 2025

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Федоров Таиландтың Пхитсанулок қаласында өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, қазақстандық спортшы жекелей жарыста қарсыластарынан басым түсті.

Мәреге екінші болып Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Дмитрий Груздев келді.

Үздік үштікті тайваньдық Чун Кай Фэнь түйіндеді.

Бұған дейін Азиада ойындарында керлингтен Қазақстанның қыздар командасы үшінші жеңісіне қол жеткізгенін хабарлағанбыз.