11:36, 11 ақпан 2025
Гватемалада автобус көпірден өзенге құлап кеткен. Жағдай 31 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Prensa Libre басылымы, құтқарушыларға сілтеме жасай отырып, автобус Эль-Прогресо департаментіндегі Сан-Кристобал-Акасагуастлан муниципалитетінен ел астанасына бағыт алғанын жазды.
Қазіргі уақытта бірнеше жараланғандар ауыр жағдайда екендігі атап өтілді.
Құтқарушылар тірі қалған адамдарды іздеуде.
Басылымның жазуынша, қаза тапқандар саны артуы мүмкін.






Leave a Reply