Алматыда АҚШ Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісім ратификацияланды


19:41, 19 мамыр 2025

2025 жылы 19 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен ҚР үкіметтері арасындағы Алматыда АҚШ елшілігінің ғимаратын салу үшін жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Алматы қаласында Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген Ақорда хабарламасында.

Алдында Алматыда консулдық мекеме ғимараттарын салу үшін АҚШ үкіметіне жер телімі берілетіні хабарланған. Жерді жалға алу келісімі 49 жылға жасалады. 2025 жылы 22 қаңтарда бұл туралы тиісті заң жобасы Мәжілістің қарауына енгізілген болатын.

Аталған заң ратификацияланған соң америкалық тарап Хьюстон қаласында Қазақстанның бас консульдығын ашуға рұқсат бермек.

Бұған дейін Мемлекет басшысы тауарлардың шығарылған елін айқындаушы заң жобасына қол қойған болатын.