Зарина Диас Жапониядағы турнирдің финалына шығу үшін бақ сынайды


15:30, 16 мамыр 2025

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финалдағы кездесуде Зарина жапониялық Момоко Кобориді жеңді. Матч 6:3, 6:1 есебімен аяқталды.

Зарина Диастың келесі қарсыласы қытайлық Мэйлин Ван болмақ.