11:51, 13 мамыр 2025
Газа секторындағы 500 мыңға жуық палестиналықтар Израильдің гуманитарлық көмегін тоқтата тұру салдарынан туындаған азық-түлік тапшылығынан зардап шегуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, 2025 жылдың 2 наурызынан бастап 57 бала аштықтан көз жұмған.
«Газа халқының 93%-ы азық-түлік тапшылығының ауыр деңгейінде өмір сүріп жатыр, ал шамамен 470 000 адам аштықтың апатты жағдайына тап болған»,- делінген ақпаратта.
ДДҰ егер жағдай өзгермесе, алдағы 11 айда бес жасқа дейінгі шамамен 71 000 бала азық-түлік тапшылығынан зардап шегуі мүмкін деп ескертеді. Гуманитарлық ұйымдар шұғыл араласу мен блокаданы тоқтатуды талап етуде.
Бұған дейін Nissan компаниясы жұмысшыларын жаппай қысқартпақ екенін жазған болатынбыз.






Leave a Reply