Алматыда шетелдіктердің заңсыз еңбек қызметі тоқтатылды


12:21, 13 мамыр 2025

Алматы қаласы Түрксіб аудандық полиция басқармасы көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзуды тоқтатуға бағытталған рейдтер барысында заңсыз жұмыс істеп жүрген 15 шетел азаматын анықтады.

Тексеру көрсеткендей, шетелдіктерді жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жеке компания жалдаған. Көші-қон режимін бұзушылардың барлығы ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалануды ұйымдастырған жұмыс берушілерді анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту жұмыстарын жалғастыруда.

«Біздің басты міндетіміз – заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдалану заңды бұзып қана қоймай, қауіп төндіреді. Рейдтік шаралар тұрақты түрде жалғасатын болады», – деді, Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.