Қазақстандық семсерлесушілер Қытайдағы Гран-при турниріне қатысады


Қазақcтан құрамасы рапирамен семсерлесуден Қытайдың Шанхай қаласында өтетін Гран-при турниріне қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықаралық турнирде ел намысын үш спортшы қорғайды.

Ерлер арасындағы жарысқа Ғалым Нұрымов пен Тимофей Семенов қатысады.

Әйелдер арасында жүлде үшін Софья Актаева таласады.

Гран-при 16-18 мамыр аралығында өтеді.