Қазақстанда 11 мамырдан бастап тағы бір автожол ақылы болады


11 мамырдан бастап «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы ақылы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, ҚР Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 134 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 11 мамырдан бастап республикалық маңызы бар «Балқаш-Бурылбайтал» автомобиль жолының 1864-1955-шақырым аралығындағы учаске ақылы болады.

Ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 91 шақырым, І-б санаты, өту жолағының ені кемінде 3,75 метр, екі бағытта екі жолақ.

Балама тегін жол «Балқаш – Қарағанды – Қарқаралы – Аягөз – Талдықорған – Көктал – Шунджа – Көкпек – Алматы – Құрты – Бурылбайтал» автомобиль жолы арқылы ұсынылады.

Жеңіл, автобус, жүк көліктері үшін айлық және жылдық абонемент ұсынылады. Ол үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет.

Сондай-ақ, төлемді кейінгі немесе алдын ала төлеуге болады. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн төлем қарастырылған.