2025 жылғы 7 мамырда кешке Қайрат – Байсерке аралығында (Сарыөзек-Алматы учаскесі) жүк пойызы бөгде адамның темір жолға шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеуді басуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ-ның мәліметіне сүйенсек, пойыз сағат 20:52-де тоқтаған. Оқиға орнында жансыз адамның денесі табылды. Пойыз қажетті процедуралар аяқталғанға дейін тоқтатылды.
Оқиға орнына полиция келіп, тергеу жүргізілуде.
Бұған дейін Маңғыстау облысында көшеден тастанды шақалақ табылғандығы хабарланған болатын.






Leave a Reply