Екібастұз қаласында баланың қолы су тазалайтын аппаратта кептеліп қалды. Қолын өз бетінше шығара алмай жатқан баланы көрген адамдар, көмек сұрап 112-ге хабарласты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына келген құтқарушылар болгарканы пайдаланып, аппараттың есігін кесіп, баланың қысылған қолын шығарды.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
«Құтқарушылардың кәсібилігінің арқасында балаға дер кезінде көмек көрсетілді». ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бұған дейін интернет-алаяқтардың құрбанына айналған павлодарлық ақшасын қайтарып алғандығын жазған болатынбыз.






Leave a Reply