Елордада бәйгеден Astana Cup республикалық турнирі өтті


Елордада бәйгеден Astana Cup республикалық турнирі өтті

🏆 Еліміздің 20 өңірінен келген 100-ге жуық жүйрік бәйгенің бірнеше түрі бойынша бақ сынады.

🔹Ұшқыр бәйге. 1 200 метр. 9 қатысушы.

1-орын. «Скайлер Блэйк». Шабандоз — Расул Алпысбай. Бапкері — Магомет Каппушев, ат иесі — Марат Кушеров

🔹Ұшқыр бәйге. 1 600 метр. 5 қатысушы.

1-орын. «Мэрайя». Шабандоз — Күрімбек Дидарбек. Бапкері — Күрімбек Дидарбек, ат иесі — Владимир Старых

🔹Ұшқыр бәйге. 1 800 метр. 14 қатысушы.

1-орын. «Нур Шатоя». Шабандоз — Күрімбек Дидарбек. Бапкері — Дәурен Жүсіпов, ат иесі — Қайрат Жұмағалиев

🔹Ұшқыр бәйге. 2 000 метр. 14 қатысушы.

1-орын. «Флэтчер». Шабандоз — Расул Алпысбай. Бапкері — Магомет Каппушев, ат иесі — Марат Кушеров

🔹Топ бәйге. 12 шақырым. 24 қатысушы.

1-орын. «Байдик». Шабандоз — Диас Жартыбай. Бапкері — Әділет Ноқатай, ат иесі — Ардақ Сарсекеев

🔹Аламан бәйге. 18 шақырым. 32 қатысушы.

1-орын. «Қарлығаш». Шабандоз — Амир Сералы. Бапкері — Азамат Мирсалимов, ат иесі — Мейрамхат Искаков

📌 «Ұлы Дала жорығы» алдындағы айтулы жарыс – биылғы ат жарысы маусымының ресми бастамасы.