Атырауда құтқарушылар балық аулау кезінде моторлы қайықтан құлап, суға батып кеткен 17 жастағы жігіттің денесін іздестіруде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Atyrau Online басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға 3 мамырда кешкісін Атырау қаласының Еркінқала ауылында болған.
Балық аулау кезінде 17 жастағы жігіт моторлы қайықтан құлап кетіп, өзенге батқан. Атырау облысы ТЖД іздестіру-құтқару операциясына 19 құтқарушы, 5 бірлік техника және 6 жүзу құралы тартылғанын хабарлады. Сондай-ақ іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері де жұмылдырылған.
«Суға батқан 2007 жылғы жасөспірім дзюдомен айналысады, жарыстарда үздік нәтижелер көрсетіп, өңірдің спорт саласы үкіліп отырған жастың бірі екені белгілі», — деп жазады басылым.
Бұған дейін Павлодар облысында Тереңкөл ауданында суға секіріп кеткен адамды 10 күннен кейін іздеуді тоқтату туралы шешім қабылданғанын жазғанбыз.






Leave a Reply