Сәтбаевта құтқарушылар жанып жатқан үйден үш адамды алып шықты


Кеше, 2 мамырда Сәтбаев қаласы Ұлытау көшесі бойындағы орналасқан төрт қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің үшінші қабатында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үш иінді баспалдақтың көмегімен үшінші қабаттың балконы арқылы 3 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды.

Өрт қоңырау түскен сәттен бастап 25 минут ішінде жедел сөндірілді.