Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу қашан және қайда өтеді


Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамырда мерекелік отшашу өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігінің хабарлауынша, отшашуға кететін шығын демеушілік қаражат есебінен төленеді.

Отшашу 9 мамыр күні сағат 22.00-де екі жерден ұйымдастырылады: Ботаникалық бақ және «Атырау» көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде 4 мыңға жуық рет атылады.

Еске салайық, Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланып отыр. Оның ішінде концерттер, ғылыми конференциялар, мектептерде тәрбие сағаттары, спектакльдер және тағы басқа өтеді.