6 қазаннан бастап алматылықтарға жаңа дәрі-дәрмектер тегін беріледі


2025 жылғы 6 қазаннан бастап Алматы қаласы мәслихатының XXXIV сессиясының шешімі күшіне енді. Құжатқа сәйкес, қала тұрғындарының жекелеген санаттарына кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде қосымша дәрі-дәрмектер тегін ұсынылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, «Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар» бөлімі келесі препараттармен толықтырылды:

  • Бронхиалды астма – Тезепелумаб;
  • Псориаздық артропатия – Гуселькумаб;
  • Гипофосфатемиялық рахит – Буросомаб;
  • Ювенильді идиопатиялық артрит – Тофацитиниб;
  • Крон ауруы – Ведолизумаб;
  • Таралған склероз (рассеянный склероз) – Офатумумаб;
  • Жүйелі склероз, жүйелі склеродермия – Ритуксимаб;
  • Қалқанша безінің қатерлі ісігі – Селперкатиниб;
  • Өкпе обыры – Селперкатиниб;
  • Көптік миелома – Помалидомид.

Аталған шешім 2025 жылғы 19 қыркүйекте қабылданып, 6 қазаннан бастап ресми түрде күшіне енді.