30 ауыл шаруашылығы қызметкері президент қолынан марапат алды


13:58, 14 қараша 2025

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумында еңбегі елеулі адамдарға арнайы құрмет көрсетілді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы ерекше еңбегі үшін ең жоғары дәрежелі марапат – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Аманғос Сансызбайұлы Төлеуовке берілді. Ол – «Степное» ЖШС директоры (Ақтөбе облысы).

Сурет: akorda.kz

Жалпы, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтан саладағы 30 қызметкер марапатқа ие болды.

«Парасат» орденімен

  • Дүйсенбаев Серік Әбішұлы – еңбек ардагері, Қызылорда қаласы
  • Чемоданов Александр Фёдорович – «Құмқұдық» ЖШС директоры, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы;

«Құрмет» орденімен

  • Әбдібаев Нұрмахан Махаматжанұлы – «Қарқын 2030» ЖШС директоры, Түркістан облысының Сарыағаш ауданы
  • Городова Валентина Васильевна – «Белағаш» ЖШС сауыншысы, Ақмола облысының Жақсы ауданы
  • Мамырханов Бекзат Айдарұлы – «MG» ШҚ балықшысы, Алматы облысының Талғар ауданы
  • Наурызғалиев Қайыржан Мақсотұлы – «Терра Ақжайық» ЖШС басшысы, Орал қаласы
  • Нысанов Мұратбек Мадиярұлы – «Ali-Ko Sut 2023» ЖШС директоры, Жамбыл облысының Жуалы ауданы
  • Оспанов Бахтияр Сұлтанбекұлы – «Қазақстанның дәнді дақылдар консорциумы» ЖШС бас директоры, Астана қаласы;

ІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

  • Қойшыбаев Мырзатай – «Нақхан» ШҚ басшысы, Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданы;

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

  • Абдуллин Манарбек Мүбаракұлы – «Верх-Катунь» ЖШС бас зоотехнигі, Өскемен қаласы
  • Ахметов Бердияр Ділдәұлы – «Талас 2020» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының механизаторы, Жамбыл облысының Талас ауданы
  • Балашова Людмила Николаевна – «Арай East food» ЖШС бас технологы, Семей қаласы
  • Бердиева Нұртаза Табылдықызы – «Шоқпартоғай» ауыл шаруашылық кооперативінің сауыншысы, Атырау облысының Жылыой ауданы
  • Кисель Александр Петрович – «Абиль» ШҚ бас агрономы, Қостанай облысының Қостанай ауданы
  • Қамизанов Жасқайрат Кисимелұлы – табыншы, Жетісу облысының Алакөл ауданы
  • Қожаханов Асаутай Сағынбайұлы – «Жараспай» ЖШС бригадирі, Қарағанды облысының Нұра ауданы
  • Рапеков Бауыржан Ахмадиұлы – «Ахмадиұлы» ШҚ басшысы, Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданы
  • Сәдуақасов Тұрсынбай Бағытбайұлы – «Үйкескен» ЖШС директоры, Қостанай қаласы
  • Скугарев Евгений Игоревич – «Скугаревых» ШҚ механизаторы, Павлодар облысының Павлодар ауданы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

  • Аманжолов Нұрбол Орынбасарұлы – «Жомарт» ШҚ шопаны, Түркістан облысының Төле би ауданы
  • Әбдіраманова Гүлнәр Ұзақбайқызы – «Sharkul food» ЖШС сауыншысы, Түркістан облысының Сарыағаш ауданы
  • Буракова Ольга Владимировна – «Мак-Мастер Николаевский мясокомбинат» ЖШС бас технологы, Астана қаласы
  • Біләлов Диас Әбжанұлы – «Алмаз-Агро фирмасы» ЖШС комбайншысы, Ақмола облысының Астрахан ауданы
  • Есқалиева Роза Шарапиқызы – «Одақ ЛТД» ЖШС өндірістік лаборанты, Ақтөбе облысының Хромтау ауданы
  • Мұханбетжанов Асқар Әлиұлы – «Айас» ШҚ басшысы, Жезқазған қаласы;

«Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берлісін

  • Абатов Алтынбек – «Көксу қант зауыты» ЖШС директоры, Жетісу облысының Көксу ауданы
  • Габдулхаков Фаниль Рифкатович – «Новосельское» ЖШС бас агрономы, Ақмола облысының Атбасар ауданы
  • Малаев Серік Тәтібайұлы – «Ақселеу» ЖШС басшысы, Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
  • Сейітқалиев Тұрар Шамғонұлы – «Мөлдір» ШҚ малшысы, Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ, шара барысында Тоқаев мемлекетке қайтарылған ауылшаруашылық жерлер туралы да пікір білдірді.