Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барады. Бұл туралы 2025 жылғы 1 тамызда ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған ақпаратқа айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz. Ақпаратқа сәйкес, бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстан тарапының шақыруымен ...

Тамыз айының алғашқы аптасында өтетін Дүниежүзілік бала емізу апталығы аясында Қазақстанда балаға достық қарым-қатынас жасайтын ауруханалар желісін қалыптастыруға бағытталған ұлттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы 1 тамыз күні ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Бастама Астанадағы Медициналық университетте ...

2024 жылғы қаңтардан бері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Ақпарат комитетін басқарған Мейірлан Раханов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 1 тамызда, ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Раханов ...

2025 жылғы 1 тамызда Алматы әкімдігі «Бағанашыл» балалар үйі қызметкерлерінің жұмыстан шығарылғаны туралы ақпаратқа қатысты ресми түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz. Хабарламада айтылғандай, бүгін Алматы мәслихатының депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, ...

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының спортшылары Варшавада (Польша) өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде тағы екі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz. Жерлестеріміз 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі медальға қол жеткізді. Бақытжан Қабдыл финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде Қырғызстан спортшысы Жоламан ...

2025 жылғы 1 тамызда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық кодексіндегі қымбат мүлік пен көлікке салынатын салыққа қатысты нормаларды түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz. Ведомство мәлімдегендей, жаңа Салық кодексінде жеке «сән-салтанат салығы» (яғни байлыққа салынатын салық) енгізу қарастырылмаған. Алайда ...

2025 жылғы 1-інен 2 тамызға қараған түнде Қазақстанда мемлекеттік электрондық сервистерде жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты Алматы әуежайы 1 тамызда жолаушыларға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz. Әуежайдың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, түнгі сағат 02:00-ден 06:00-ге дейін келесі ...

Су спорты түрлерінен Сингапурда өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында суға секіруден Қазақстан құрамасының өкілі Назар Қожанов өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz. 31 шілдеде ол үш метрлік трамплиннен суға секіруден өткен іріктеу кезеңіне қатысты. Қожанов төрешілердің шешімімен 324,55 ұпай жинап, ...

«Қазгидромет» РМК мамандары 2025 жылғы 2 және 3 тамыз күндері елдің үш ірі қаласындағы ауа райына болжам ұсынды. Алматы мен Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал Шымкентте жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Zakon.kz. Астана бойынша ауа райы болжамы: 2 тамыз: ауыспалы ...

Бүгін, 1 тамызда Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын бастады. Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады, деп хабарлайды Zakon.kz. Комиссия құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар, бiлiм саласы кәсiподақтарының, «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасының, жоғарғы оқу ...