17 жастағы қазақстандық теннисші Дамир Жалғасбай өз мансабында маңызды жетістікке қол жеткізді — ол ITF кәсіби ерлер турындағы алғашқы титулын жеңіп алды. Латвиялық Артурс Загарспен жұптасып өнер көрсеткен Дамир Испанияда өткен ITF M15 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Финалда Жалғасбай/Загарс дуэті ...

Алматының Бостандық ауданында жаңа жасыл аймақ пайда болады, деп хабарлайды Zakon.kz. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған жаңа қоғамдық кеңістіктің абаттандырылу жұмыстарын көріп қайтты. Жаңа саябақ Жароков пен Си Синхай көшелерінің қиылысында, «Оңтүстік» саябағының ...

2 тамыз күні Дінмұхаммед Қасымбек 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына еркін күрестен алғашқы медальді сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz. Sportarena.kz жазуынша, 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Қасымбек қола медаль үшін болған тартысты белдесуде молдовалық Иван Паслариді ...

Жетісу облысының Көксу ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. Бұл жайтты өңірлік экологиялық прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz. Полигон мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысынсыз және қоршаған ортаға зиянды заттар шығаруға рұқсат алмай жұмыс істеген. «Полигонды ...

Астанада автобустың артына жармасқан жасөспірімдер жұрттың үрейін ұшырды, деп хабарлайды Zakon.kz. Жасөспірімдердің видеосы әлеуметтік желілерде таралып, көпшіліктің талқысына түсті. Оқиға Республика даңғылында болған. Кадрларда жасөспірімдердің автобустың артқы жағына жармасып, ал автобус жоғары жылдамдықпен кетіп бара жатқанын көруге болады. Астана полиция ...

Маңғыстау облысында өткен той соңы жанжалмен аяқталды – Мұнайлы ауданындағы үйлену тойы көше төбелесіне ұласқан, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы 2 тамызда Lada.kz өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады. Оқиға 31 шілдеде болған. Той қонақтарының арасында туындаған ауызша жанжал кейін ...

Астанада өткен концертте Дженнифер Лопеске үш қызыл раушан гүлін сыйлап, әлеуметтік желі жұлдызына айналған Мәди Молдашев бұл әрекетінің себебін түсіндіріп, әншінің жанкүйерлеріне флешмоб ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz. Ол бұл туралы 2 тамызда Threads желісінде жазды. «Threads-та қарап отырсам, бәрі ...

Шымкентте қоқыс контейнерінің жанынан 26 жастағы әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz. Otyrar.kz хабарлауынша, 2 тамызда жарияланған ақпаратқа сәйкес, бойжеткен 21 шілдеде үйінен шығып кетіп, содан бері байланысқа шықпаған. 10 күннен кейін оның мәйіті табылған. Денесінде пышақ ...

Су спорты түрлерінен Сингапурда өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында суға секіруден Қазақстан құрамасының өкілі Назар Қожанов өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz. 31 шілдеде ол үш метрлік трамплиннен суға секіруден өткен іріктеу кезеңіне қатысты. Қожанов төрешілердің шешімімен 324,55 ұпай жинап, ...

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының спортшылары Варшавада (Польша) өтіп жатқан ірі халықаралық турнирде тағы екі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz. Жерлестеріміз 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екі медальға қол жеткізді. Бақытжан Қабдыл финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде Қырғызстан спортшысы Жоламан ...