Оралдық тоғыз жасар бала құрдастарымен доп ойнап жүріп тоққа түсті. Дәрігерлер қазір баланың өмірі үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz. Оқиға 30 сәуірде Исатай-Махамбет көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында болған. Куәгерлердің айтуынша, аулада ойнап жүрген балалардың добы электр қосалқы стансасының сымдарына ...
Жапонияда көлік мектеп ғимаратының алдында тұрған бір топ студенттерді соғып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, кем дегенде жеті бала зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz. Жапон қоғамдық телеарнасының (NHK) хабарлауынша, оқиға елдің батысындағы Осака қаласында болған. «Балалар жергілікті бастауыш мектеп жанындағы ...
Елордалық прокуратура 2025 жылдың бірінші тоқсанында бөтеннің мүлкін қасақана жоюға және бүлдіруге қарсы күресті қорытындылады. Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте атқарылған жұмыстар туралы қалалық Прокуратура басқармасының прокуроры Гүлмира Бекмұханова айтып берді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. «Нөлдік төзімділік» қағидатын іске ...
Қарағанды облысы полиция департаментінің атына шетелдік азаматтардан шынайы алғысқа толы хат келіп түсті. Хатта көші-қон қызметі мамандарының кәсіби шеберлігіне, азаматтарға деген ізетті қарым-қатынасы мен адамгершілік қасиеттеріне жоғары баға берілген. Жақын шет елден келген ана ұлымен бірге Қарағанды қаласындағы Оңтүстік-Шығыс полиция ...
Елордада 1 мамыр күні Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік жүгірісі-2025» республикалық жарысы өтті. «Бірлікке 30 жыл – Ассамблеяға 30 жыл» ұранымен 3000-нан астам адам жарыс жолына шықты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Жарыс бағыты ЭКСПО аумағынан «Бәйтерек» ...
Қазақстан халқының бірлігі күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы өз қатарларында қай ұлт өкілдері қызмет ететінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz. Ведомствоның баспасөз қызметі елордалық полкте түрлі ұлт өкілдері қызмет ететінін атап өтті. Мереке қарсаңында олар өздерінің мәдениеті мен ...
1 мамыр күні сағат 07:00-де Астанада «Бірлік жүгірісі-2025» республикалық жарысы басталды. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған және «Бірлікке 30 жыл – Ассамблеяға 30 жыл» ұранымен өтті, деп хабарлайды Zakon.kz. Қатысушыларды жинау таңғы сағат 5:30-да басталды. Оларға ыңғайлы болу ...
Әлемде мұнай бағасы төмендеп жатыр. Бір айда «Брент» сұрыбы 15 пайызға, «Ви-Ти-Ай» 16 пайызға арзандаған. Бұл – соңғы үш жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Энергетикалық шикізат нарығындағы құлдырауға бірнеше фактор себеп болған. Оның бірі Қытай экономикасының өсімі баяулауы мүмкін деген болжам, ...
Қазақстандық майдангер жазушылардың сегіз туындысы аудиокітап форматында қолжетімді болды, деп хабарлайды Zakon.kz. Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі кітаптардың аудионұсқалары Жеңістің 80 жылдығына орай дайындалғанын атап өтті. Оларды белгілі дикторлар: М.Болатұлы, Қ.Ахметжанов, Ш. Үркімбаев, Б.Сабыр, Б.Сейтмамытұлы және Б.Бекмағамбетов. Жинаққа келесі ...
Алматы облысындағы Талғар ауылында бес жасар бала мен оның он жасар әпкесі үйлерінің алдында көшеде ойнап жүрген, кейін жоғалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz. Ата-аналар балаларын өз бетімен таба алмай, құтқарушылардан көмек сұраған. Кеше кешке 2 бала Алматы облысы Талғар ауданы ...









