Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы алдағы Азия чемпионатына қатысатын спортшыларды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz. Құрлықтық біріншілік 7-16 ақпан аралығында Таиландтың Пхитсанулок қаласында өтеді. Ерлер құрамасы: Дмитрий Груздев, Евгений Федоров, Игорь Чжан, Антон Кузьмин, Даниил Марухин. Әйелдер құрамасы: Рината ...

Ақмола облысында полицейлер жол қозғалысы кезінде инсульт алған жүргізушіні дер кезінде байқап, оның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz. Степногорск – Заводской тас жолында патрульдеу барысында Степногорск қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция взводының қызметкерлері А. Смағұлов пен А. Аяғанов, сондай-ақ ...

Павлодарда есік ашпаған қарт әйел ұлын әбігерге салды. Құтқарушылар көмекке бірден келді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 11:45-те облыс орталығында қарт адам пәтердің есігін ашпайтыны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ...

Ақтөбеде 200-ге жуық жер үй бұзылады. Бұл баспаналардың бәрі былтырғы тасқын кезінде талқандалған. Сондықтан тұрғындары басқа жерге көшіріліп, жер телімі мемлекет меншігіне өткен, деп хабарлайды Zakon.kz. Шенеуніктердің айтуынша, үйлерді бұзу және орнын тазалау көктемде басталады. Алайда биыл әдеттегідей Ойыл, Ырғыз ...

Қазақстандық арнайы бөліністердің командалары БАӘ-ден елге оралды. Халықаралық UAE SWAT Challenge жарыстарында мемлекет намысын қорғап, үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz. Элиталық турнирдің жүлдегерлері мен қатысушыларын елорда әуежайында жақындары, әріптестері, сондай-ақ күштік құрылымдардың басшылығы салтанатпен қарсы алды. «Жауынгерлеріміздің жетістігі — ...

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңіндегі кезекті матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz. Ұлттық құрама Тайбэй командасын ірі есеппен ұтты. Қазақстандық спортшылар қарсылас қақпасына бес шайба соғып, өз қақпасына тек ...

Шымкентте 22 жастағы әйел екі ұл мен бір қызды дүниеге әкелді. Дәрігерлер оны кесарь тілігі арқылы босандырып алған. Бір айға жуық перзентханада жатқан нәрестелер бүгін үйге шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz. Otyrar.kz-тің хабарлауынша, Шымкентте жас ана дүниеге үшем алып келді. 22 ...

7 ақпанда Қазақстанның 17 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлытау облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, облыстың ...

Павлодар облысында пойыз жылқыларды қағып кетті. Сол себепті пойыз келе жатқан стансасына 11 минутқа кешікті, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Оқиға 5 ақпанда Май ауданы Көктөбе – Жұмыскер стансасы учаскесінде болған. «Пойыз теміржол бойында заңсыз жайылып жүрген үш жылқыны ...

Боран, екпіні күшті желдің және жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан республикалық маңызы бар Астана — Қарағанды — Алматы автожолының үш учаскесі жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ақмола облысы: Жібек Жолы төлемақы алу пунктінен Ақмола ...