18:58, 30 қазан 2025
Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Әмина Жұмабекова Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
57 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз Оңтүстік Корея спортшысы Чве Сыльбимен белдесті.
Әмина шешуші кездесуде қарсыласына жол беріп, Азиаданың күміс медаліне ие болды.





Leave a Reply