18:37, 18 сәуір 2025
ҚР Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Meta компаниясының Орталық Азия және Шри-Ланка бойынша қоғамдық саясат бөлімінің басшысы Сенура Абейварденмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шарада цифрлық платформаларда зияткерлік меншік нысандарын пайдалану мәселелері, сондай-ақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тәжірбие алмасу тақырыбы талқыланды.
Еске салайық, Әділет министрлігі мен Meta компаниясы арасындағы онлайн-келіссөздердің нәтижесінде қазақстандық музыка Instagram мен Facebook платформаларына қайта орналастырылған болатын. 9 сәуірде Қазақстандық авторлар қоғамы мен Meta компаниясы арасында қазақстандық авторлар мен құқық иеленушілердің авторлық құқық және сабақтас құқықтарын пайдалану мәселелерін реттеу жөніндегі келісім жасалды.
Сурет: Әділет министрлігінің баспасөз қызметі
Цифрлық платформаларда авторлық құқықты сақтау тетіктерін талқылау және зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтасты күшейту мәселесін қарастырған қос тарап алдағы уақытта да тығыз байланыста жұмысты жалғастыруға уағдаласты.






Leave a Reply