10:05, 9 наурыз 2025
Қызылорда облысы Жаңаарқа ауданында Жаңаарқа ауылынан 40 шақырым жерде «Қарағанды-Самарка-Атасу-Айнабұлақ» автожолының жабық учаскесінде адамдар мінген 2 жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ құтқарушылары боранда, қалың қарлы жолды еңсере отырып, бірнеше ондаған шақырымды жүріп өтіп, Жаңаарқа кентіне 11 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, жеткізді.
Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады.






Leave a Reply