Құтқарушылар өртеніп жатқан пәтерде қалып қойған қарияны аман алып қалды


11:21, 4 желтоқсан 2025

2025 жылғы 4 қарашаға қараған түні Тараз қаласының «Аса» шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатындағы пәтерде диван өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ күштері жетіп, өртті 15 минут ішінде сөндірді.

Пәтерге кіру үшін құтқарушылар альпинистік жабдықты қолданып, 5-ші қабаттан 4-ші қабатқа түсіп, есікті ішінен ашқан.

«Өрт кезінде пәтер ішінде оның иесі болған. 1948 жылы туған ер адамды құтқарушылар жедел эвакуациялап, Апаттар медицинасы орталығының медиктеріне тапсырды»,- делінген ақпаратта.

Өрттің себебі анықталуда.

Бұған дейін Алматыда дүкен мен тұрмыстық ғимарат өртеніп, 5 адамның зардап шеккенін жазғанбыз.