Қытай Қазақстанмен шекараны үш күнге жабады


Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу бекеттерінің жұмысына қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz

Ресми мәлімдемеге сәйкес:

«Қытайда мемлекеттік мерекенің атап өтілуіне байланысты 2026 жылғы 16-18 ақпан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері адамдардың, көліктің және жүктің өтуі үшін уақытша жабылады».

Ал теміржол өткізу бекеттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Сондай-ақ тасымалдаушылар мен шекарадан өтуді жоспарлаған барлық азаматтарға енгізілген шектеулерді ескере отырып, маршруттарын алдын ала жоспарлау ұсынылды.