20:40, 12 тамыз 2025
Қызылордада ата-ана баласының саусағы пластик ойыншыққа қыстырылып қалған соң құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, бала ойыншықпен ойнап отырып, қызығушылықпен саусағын кішкентай тесікке тығып қойған, бірақ оны өз бетімен шығара алмаған.
“Жағдайға алаңдаған ата-анасы құтқару қызметіне жүгінді. Оқиға орнына келген ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы апат-құтқару құралы арқылы ойыншықты абайлап кесіп, баланың саусағын босатты”, – деп мәлімдеді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бала зардап шеккен жоқ.






Leave a Reply