13:37, 27 қыркүйек 2025
2025 жылғы 27 қыркүйекте Қостанай қаласы мен Қостанай облысында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді. Шара барысында террористік тұрғыдан осал нысандардағы жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелері пысықталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған байланысты Қостанай облыстық терроризмге қарсы жедел штабы азаматтарды оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, көлік пен халық қозғалысына қойылуы мүмкін уақытша шектеулерге сабырлы болуға шақырды.
«Қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз», — делінген облыстық терроризмге қарсы жедел штаб хабарламасында.
Сонымен қатар тұрғындарға ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, жалған мәлімет таратпау ескертілді.






Leave a Reply