Қостанай облысында блогер кәсіпкерден 15 миллион теңге бопсалаған


13:24, 22 ақпан 2025

Қарабалықта бопсалаушы блогер ұсталды. Ол қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті кәсіпкерді «Әлеуметтік желіге материалды жариялаймын» деп қорқытып, одан аса ірі мөлшерде ақша бопсалаған.

Өткізілген жедел іс-шаралар барысында прокуратурамен бірлесіп блогер Қарабалық ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұсталды. Тінту барысында одан 15 миллион теңге тәркіленді.

Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.