13:45, 20 желтоқсан 2025
Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері өрт кезінде 41 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, Қостанайда Қобыланды батыр даңғылында бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде өрт шықты.
Оқиға туралы хабарлама 112 пультіне келіп түсті, оқиға орнына дереу өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. ТЖМ және полиция қызметкерлерінің күшімен 15 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылып, 26 адам баспалдақпен эвакуацияланды.
«Өрт сөндіру жасақтарының жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ». Төтенше жағдайлар министрлігі
Өрттің себебі анықталып жатыр.






Leave a Reply