Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке «Торғай – Ырғыз» автожолын салу бойынша тапсырма берді


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Торғай – Ырғыз» бағытындағы автокөлік жолын салу жөнінде үкіметке тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай 3 қазан күні Telegram-да мәлім етті.

«Президент үкіметке «Торғай – Ырғыз» бағыты бойынша автожол құрылысы мен батысқа бағытталған өзге де жолдардың құрылысын жеделдетуді тапсырды», – деп жазды ол.

Еске салсақ, 2025 жылғы 14 маусымда Қостанай облысында «Орталық – Батыс» көлік дәлізін салу жұмыстары басталған болатын. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Ол үкіметтің көлік инфрақұрылымын және елдің транзиттік әлеуетін дамыту жоспарларына енген.

Құрылыс «Астана – Жантеке – Егіндікөл – Арқалық – Торғай – Ырғыз» бағыты бойынша жалпы ұзындығы 865 шақырымды қамтиды.