17:45, 23 қараша 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің құттықтауын 2025 жылы 23 қарашада Ақорда баспасөз қызметі жариялады:
«Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды».
Айта кетсек, халықаралық бокс федерациясы — World Boxing 2025 жылдың 23 қарашасында Рим қаласында өтетін Конгресс отырысында қазан айында түскен барлық өтінішті қарап, комиссия оң қорытынды берген үміткерлерді сайлауға қатысуға рұқсат еткен болатын.
Президент лауазымына жалғыз үміткер — Геннадий Головкин деп көрсетілген. World Boxing Жарғысына сәйкес, егер басшылық қызметке бір ғана үміткер ұсынылса, Конгресс оны баламасыз негізде, яғни бірауыздан мақұлдайды. Осылайша, бүгін Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланғаны белгілі болды.






Leave a Reply