10:41, 10 қазан 2025
Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы нарығын реттеу және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимылға қатысты нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жобада бірқатар жаңа нормалар көзделген:
- Қаржы ұйымының ірі қатысушысы немесе холдинг мәртебесін алуға өтініш берген тұлғаларға келісім беруден бас тартуға негіз ретінде бенефициар иесінің кірістерді заңдастыру, терроризмді қаржыландыру немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы сотталғандығы (жазасын өтемеген немесе алынбаған) қарастырылған;
- Қаржы ұйымдары клиенттің күдікті операцияларын бақылау тәртібі енгізіледі;
- Клиенттің тәуекелін автоматты анықтау үшін скорингтік модульдерді (әртүрлі дереккөздерден ақпарат жинақтайтын жүйе) қолдану мүмкіндігі қарастырылады.
Агенттік аталған түзетулер қаржы нарығында кірістерді жылыстатуға, терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы жүйені жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.
Құжат «Ашық НҚА» порталында 24 қазанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.






Leave a Reply