Қарағандылық әйел сақинасын шеше алмай, көмекке жүгінді


09:25, 27 қаңтар 2026

Қарағанды облысында 40 жастағы әйел саусағын қатты қысқан сақинаны өз бетінше шеше алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шақыруға жедел келген ТЖМ құтқарушылары слесарлық құралдарды пайдалана отырып, ісінген саусақтан сақинаны абайлап шешіп берді.

Егер сақина шешілмесе, денсаулыққа қауіп төндірмей, білікті көмекке жүгіну қажет екенін құтқарушылар еске салады.

Бұған дейін Ақтау – Астана рейсінде дәрігер талмасы ұстаған жолаушыны құтқарып қалғанын жазғанбыз.