13:58, 30 қыркүйек 2025
Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте қалта ұрлығын жасаған 30 жастағы ер адамды қолға түсірді.
Оқиға қаладағы автобустардың бірінде болған. Күдікті жолаушы әйелдің сөмкесінен iPhone 13 смартфонын жасырын ұрлап кеткен.
Алайда ол ұрланған телефонды сатып үлгермей, тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің нәтижесінде ұсталды. Ұрланған зат иесіне қайтарылды.
Жәбірленуші – 34 жастағы қала тұрғыны телефонының жоғалғанын дүкенде төлем жасау кезінде ғана байқаған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің қала аумағында бұрын жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.






Leave a Reply