19:53, 12 ақпан 2025
Керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде ірі жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшылар топтық кезеңнің жетінші матчында Таиландпен кездесті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 9:1 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.
Осылайша, ұлттық құраманың еншісінде төрт жеңіс пен үш жеңіліс бар. 13 ақпанда отандастарымыз Гонконгпен кездеседі.






Leave a Reply