Қазақстан бойынша теледидар мен радио қашан үзіліс алатындығы белгілі болды


16:33, 26 қаңтар 2026

«Қазтелерадио» АҚ ұлттық спутниктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабар тарату жабдықтарында, сондай-ақ деректерді беру желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 26 қаңтарда таратылған ескертуге сүйенсек:

«Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес 2026 жылғы 28 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейінгі аралықта жүргізіледі. Жұмыстарды жүргізу кезінде «OTAU TV» спутниктік теледидары, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадиохабар тарату, сондай-ақ деректерді беру және телефония қызметтерін көрсетуде уақытша үзілістер болуы мүмкін»,- деп мәлімдеді ведомство.

«Қазтелерадио» АҚ туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтініп, түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдірді.

Бұған дейін 2026 жылғы қаңтар ҰБТ-сына қанша талапкер қатысып, қандай ережелер бұзылғанын жазғанбыз.