16:55, 30 қыркүйек 2025
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев 2025 жылғы 30 қыркүйекте Сенаттағы дөңгелек үстелде Пржевальский жылқыларының популяциясын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Айта кетейік, керқұлан жабайы табиғаттан 1960-жылдардың соңына қарай жоғалып кеткен.
«Министрлік пен халықаралық ұйымдардың бірлескен жұмысының арқасында 2024 және 2025 жылдары Прага зообағынан алғашқы 14 бас керқұлан Қостанай облысындағы «Алтын дала» қорығына әкелінді», – деді Шарбиев.
Белгілі болғандай, Пржевальский жылқыларына арналған «Алиби» реинтродукция орталығының жыл сайынғы жұмысы Франкфурт зоологиялық қоғамының, Нюрнберг хайуанаттар бағының, сондай-ақ мүмкіндігінше «Алтын Дала» табиғатты қорғау бастамасының басқа халықаралық серіктестерінің қаржылық қолдауымен қамтамасыз етіледі.
«Жалпы, 2029 жылға дейін 40 бас жылқы әкелу жоспарлануда», – деді вице-министр.
Бұған дейін Қызыл кітаптан кейбір жануарларды шығару көзделіп отырғанын жазғанбыз.






Leave a Reply