10:28, 23 тамыз 2025
Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 тамыз күндері Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді», — делінген хабарламада.
Астанаға сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапармен барған еді.






Leave a Reply