Қазақстанның бір өңірінде ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді


14:15, 9 наурыз 2025

Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 9 наурыз сағат 14:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас» автожолының 707-941-шақырым аралығындағы учаскесінде (Аягөз қаласынан Боғас ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 10 наурыз сағат 05:00-де ашу жоспарланған.