Қазақстандық спортшы UFC ұйымымен келісімшартқа отырды


09:25, 31 наурыз 2026

Аралас жекпе-жек саласындағы менеджер Солто Эсенгулов UFC-мен тағы бір қазақстандық спортшының келісімшартқа отырғанын хабарлады.

Sportarena.kz мәліметінше, спорт функционері UFC сияқты ең ірі ММА ұйымына қай қазақстандық спортшы қосылғанын нақтылаған жоқ.

«Boom! UFC-пен тағы бір келісімшарт Қазақстанға жол тартты!» – деп Есенгулов өзінің Instagram парақшасында жазды.

Қазіргі таңда UFC ұйымында Қазақстаннан алты спортшы өнер көрсетіп жүр: Асу Алмабаев пен Әліби Идіріс аса жеңіл салмақта, Бекзат Алмахан жеңіл салмақта, Шавкат Рахмонов пен Николай Веретенников жартылай орта салмақта, ал Дияр Нұрғожай жартылай ауыр салмақта бақ сынауда.

Сурет: Instagram/soltoesengulov

Бұған дейін Хорватияда өткен дзюдодан Еуропа кубогында қазақстандықтар үш медаль жеңіп алғаны хабарланған еді.