23:07, 20 қаңтар 2026
Қазақстан құрамасы рапирамен семсерлесуден Италияның Турин қаласында өтетін Гран-при сериясындағы турнирге қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған ірі халықаралық жарыс 5-7 ақпан аралығында өтеді.
Италияда ел намысын София Актаева, Алёна Гноева, Ғалым Нұрымов және Тимофей Семёнов қорғайды.






Leave a Reply