11:04, 17 желтоқсан 2025
Сауд Арабиясында киокушинкай каратэден әлем чемпионаты өтті. Бұл жарыста Өскемен қаласының спортшысы Милана Щетинина әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
sportarena.kz сайтының жазуынша, Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Илья Яковлев та жоғары нәтиже көрсетіп, әлем чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы болды.
Осылайша, қазақстандық спортшылар жалпы есепте ел қоржынына екі алтын медаль салды.
Бұған дейін Шымкентте таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтетіндігін жазған болатынбыз.






Leave a Reply