қазақстандықтар үшін маңызды ақпарат хабарланды


13:05, 24 қараша 2025

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2025 жылғы 24 қарашада жаңа сервистің іске қосылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Корпорация ақпарына сүйенсек, ол қызмет алушыға ақпараттық жүйелердің техникалық жағдайы туралы алдын ала білуге мүмкіндік береді.

«Енді «ЦОН» мобильді қосымшасында, мемлекеттік корпорацияның сайтында, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету бөлімдеріндегі электронды таблоларда белгілі бір мемлекеттік қызметтің уақытша қолжетімсіздігі туралы ақпарат көрсетіледі»,- делінген ақпаратта.

Осылай жаңа сервистің арқасында азаматтар ХҚКО-ға баруды алдын ала жоспарлай алады.

Бұған дейін қазақстандықтардың 2025 жылы желтоқсанда қанша күн демалатындығын жазған болатынбыз.