қазақстандықтар жекелей сайыста қалай өнер көрсетті


14:56, 6 наурыз 2026

Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың алғашқы күні әйелдер арасында жекелей сайыс өтті. Аталған бәсекеге Қазақстан құрамасының үш спортшысы қатысты.

Милана Генева 83-орын алса, Дарья Климина 84-сатыға жайғасты. Ал Лаура Киныбаева жарысты 93-орынмен аяқтады.

Швециялық Эльвира Эберг жарыста жеңіске жетті. Екінші орынды оның отандасы Ханна Эберг иеленді. Ал қола жүлде словакиялық Паулина Батиста Фиалковаға бұйырды.